"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ "КАЗРЫБХОЛОДФЛОТ" ЖШС-МЕН ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ мен "Казрыбхолдфлот" ЖШС арасында арнайы экономикалық аймаққа қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге сәйкес, АЭА-ның жаңа қатысушысы "Балықты мұздату және сақтау бойынша тоңазытқыш қоймасын салу" жобасын жүзеге асырады, инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңгені құрайды.

Жоба іске қосылғаннан кейін 104 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Қайнар көзі: «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 183